Атырауда балықшылар күніне орай 20 мың бекіре шабақтары өзенге жіберілді, деп xабарлайды atr.kz, Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Атырауда балықшылар күні мерекесіне арналған іс-шаралардың алғашқысы Жайық өзенінің жағасында спорттық балық аулау турнирінен басталды. Сондай-ақ, шипажай маңы жағалауында екі бекіре зауыты өзенге бекіре балықтарының 20 мың шабағын жіберді. Жас шабақтардың салмағы 3-тен 10 граммға дейін.
“Бүгінде 20 мың шабақты жіберуіміз кездейсоқ емес. Биылғы жылы Атырау облысының аумағында жұмыс істейтін екі бекіре зауыты өздерінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл маңызды күн Астананың 20-жылдығына тұспа-тұс келді. Жыл сайынғы дәстүр жас балықтардың шығарылуы аймақтағы құнды балықтар санының артуына әсер ететініне сенімдіміз”, – деді «Жайық-Атырау» бекіре зауытының директоры Гилман Сарсемалиев.
Іс-шара барысында фестиваль қонақтары үшін бекіре балықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда ресейлік бекіре тұқымдас тікенек, белуга, стерлот және стелла бекірелерінің ересек түрлері көрсетілді. Облыстық әкімдіктің алдындағы С.Бейбарыс алаңында Атырау өндірушілерінің балық өнімдерінің жәрмеңкесінде қала тұрғындары мен қонақтар жаңа піскен, құрғақ және ысталған балықты, сондай-ақ әр түрлі жартылай фабрикаттарды сатып алды.
Мерекенің қатысушылары мен қонақтарын балықшылар күнімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов құттықтады.
«Жыл сайын біздің екі бекіре зауыты өзенге шамамен 7 миллионға жуық жас шабақтарды жібереді. Біздің өндірістік кооперативтер жылына 12 тоннаға дейін балық алады, олардың 85-90 пайызы экспортталады. Бұл Атырау облысындағы балық өнеркәсібі жақсы қарқынмен дамып келе жатқанының тағы бір көрінісі», – деді Серік Шапкенов.
Іс-шараның барысында балық өнеркәсібінің ардагерлері мен осы сала қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады. Атырау облысының әкімі атынан төрт қызметкерге алғыс хаттар берілді. Облыстың 15 тұрғыны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Орман және жануарлар дүниесі аймақтық комитеті дипломдары табысталды.
Шара соңы тұрғындар назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.