Өскеменде 17 жылдан кейін ойға кірмейтін аудан пайда болады

altaynews.kz
Сәтпаев даңғылын Самар трассасына дейін созу жұмысы басталып та кетті.

Мамандар көп қабатты құрылыстың негізгі алаңы ретінде Ертістің сол жағалауын қарастырып отыр деп жазады altaynews.kz.

Осыдан үш апта бұрын алматылық «Градо» компаниясының жоба жасаушылары Өскемен қаласының 2035 жылға арналған бас жоспарын ұсынған болатын.

Жоспар бойынша қала аудандарының көбі жеке меншік бір қабатты үйлердің есебінен кеңейуі тиіс. Мамандардың пікірінше, көпқабатты құрылыстардың Сәтпаев даңғылы мен Алматы трассасының арасында игерусіз жатқан жазыққа түскені жөн.

Есенберлин мен Қазыбек би (бұрынғы Карл Маркс) даңғылдары ұзартылып, осы жердің орталық магистральі болады. Бұған ауданның оңтүстігінен «Южная» көшесі келіп қосылмақ.

Бұл тұжырым 2009 жылдың бас жоспарында-ақ көрсетілген еді. Қазір жобаға қосымша бөліктер енгізілуде. Сәтпаев даңғылын Самар трассасына дейін созу жұмысы басталып та кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді