Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың бастамасымен кешенді жоспар жасақталып, сүбелі жұмыстар атқарылуда.
2020 жылдың соңына дейін облыс бойынша жаңартылған энергия көздерін пайдалану нысандарын орналастыру жоспарына сәйкес жалпы қуаттылығы 54 МВт құрайтын 3 нысанды пайлануға беру жоспарланған. Бұл туралы zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл 20 жылдық мерейтойын қарсы алған Еліміздің тұғыры - Елордамыз Астана қаласында 2017 жылы ең ірі жаңалықтардың бірі өткен болатын. Ол, әлемнен 5 млн. астам туристерді жинаған халықаралық «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесі. Экономиканың дамуына зор серпіліс берген аталған көрмеде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жасыл экономиканы» дамытудың маңыздылығын атап өтіп, 2050 жылға дейін электроэнергияның жалпы көлемі бойынша жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) 50%-ға жеткізуді тапсырды. Сондықтан, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың бастамасымен кешенді жоспар жасақталып, сүбелі жұмыстар атқарылуда.
2020 жылдың соңына дейін облыс бойынша жаңартылған энергия көздерін пайдалану нысандарын орналастыру жоспарына сәйкес жалпы қуаттылығы 54 МВт құрайтын 3 нысанды пайлануға беру жоспарланған.
Олар:
1. Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекенінде қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясының құрылысы;
2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында қуаттылығы 42 МВт жел электр станциясының құрылысы;
3. Мұнайлы ауданы Батыр елді мекенінде қуаттылығы 7 МВт күн электр станциясының құрылысы.
Бұл нысандардың ішіндегі Мұнайлы ауданы Батыр елді мекеніндегі күн электр станциясы 2018 жылдың 1 мамыры күні іске қосылды. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құрады. Аталған күн электр станциясына алғаш рет отандық күн панелдері қолданылды.
Сонымен қатар, 2018 жылы Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекеніндегі жел электр станциясын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 700 млн. теңгені құрайды.
Сонымен бірге, Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің жаңа механизмге негізделген 2018 жылғы аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес жалпы қуаты 153,27 МВт құрайтын 6 нысанды іске қосу жоспарлануда.
Атап айтсақ:
1. Бейнеу ауданы Бейнеу селосында қуаттылығы 30 МВт жел электр станциясының құрылысы;
2. Қарақия ауданы Жетібай селосында қуаттылығы 66 МВт жел электр станциясының құрылысы;
3. Маңғыстау ауданы Шетпе селосында қуаттылығы 17 МВт күн электр станциясының құрылысы;
4. Маңғыстау ауданы Шетпе селосында қуаттылығы 14,8 МВт күн электр станциясының құрылысы;
5. Маңғыстау ауданы Жармыш селосында қуаттылығы 13,7 МВт күн электр станциясының құрылысы;
6. Маңғыстау ауданы Онды селосында қуаттылығы 13,7 МВт күн электр станциясының құрылысы.
Аталған жобалардың барлығы ел экономикасының тиімділігі мен үнемділігін өсіріп қана қоймай, қоршаған ортаның ластану деңгейін күрт төмендететіні сөзсіз. Бастысы жасыл экономикаға бет бұруда атқарылып жатқан бұл істер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтың ЭКСПО кезінде айтқан Төртінші өндірістік революция кезеңіне Қазақстанның нақты мақсат пен міндеттер жүктеп, нық аяқ басқанын айшықтай алады.