Петропавлда қабір қиратқан вандалдар іздестіріліп жатыр

www.inform.kz
Қылмыстық бап бойынша мұндай құқықбұзушылыққа 300 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе 75 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Петропавлда белгісіз біреулер дін қызметкерлері жерленген көне қабірді қиратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл және Булаев махаллаларының дін қызметкерлері зират басында орын алған жағдайға аландаушылық білдіріп отыр. Діни қауымның мүшелері мен махалла өкілдері ескерткіштер мен тақталарды орнату үшін қаржы жинап, үш жыл қатарынан дін қызметкерлерінің зиратын бақылап келген.

Олардың айтуынша, біраз уақыттан бері бұл маңда ақылға қонымсыз дүниелер болып жатыр. Бұзақылар зиратқа жазу мен пентаграммалар қалдырып, кірестерді жұлып алатын көрінеді. Сондай-ақ, қаза тапқан адамдардың есімдері жазылған тақтайшаларды орнынан қозғаған.

Мұндай әрекет қабірде қандай да бір діни жоралғылар өткізілуі мүмкін екенін көрсетеді. Себебі, онда әртүрлі белгілер салынып, жануарлардың бас сүйектері, майшамдар мен айналар шашылған. Оқиға орнына полицейлер шақырылды.

«Бұл істі сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне енгіздік. Жедел іздестіру шаралары жүргізіледі», - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстық бап бойынша мұндай құқықбұзушылыққа 300 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады немесе 75 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі