Павлодар көшелерін су басты

www.24.kz 
Екінші Павлодар аталатын шаһардың шеткі бөлігіндегі 7 көше, дәлірек айтсақ, 200-дей үйді су басқан.

Павлодарда екі сағатқа жуық толассыз жауған нөсерден қала көшелері суға толып кетті. Жекеменшік секторда тұратын халық жаңбыр суы үй аулаларын басып кеткенін айтып шағымданса, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған. Бұл туралы zakon.kz Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші Павлодар аталатын шаһардың шеткі бөлігіндегі 7 көше, дәлірек айтсақ, 200-дей үйді су басқан. Коммуналдық қызмет саласы қазір су сору жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. «Қазгидромет» орталығы ауа райының мұндай тосын құбылысы биыл алғаш рет тіркелгенін айтады.

Бұған соңғы аптада күннің шамадан тыс ыстық болуы себеп болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ауадағы ылғалдың көп мөлшерінен найзағай ойнап, турбулентті ағым қалыптасады. Ауа райының қолайсыздығы тағы қайталануы мүмкін.

Сондықтан мамандар қауіпсіздік шараларын қаперде ұстауға кеңес берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз