Қарамай пышақты сұға бердім – Денис Теннің өліміне қатысты күдікті

www.trud.ru
Денис Тенның өліміне қатысты күдікті шабуыл туралы айтып берді.

Тергеуге жақын дереккөздердің ақпараты бойынша қылмыскерлердің алғашқы куәлігі қандай болғаны анықталды, деп жазады Zakon.kz.

Күдіктілер расымен де, көліктің айналарын ұрлаумен айналысқан. Олар тонамақ болған көлік кімге тиесілі екенің білмеген. Сондай-ақ, қылмыстарының арты адам өліміне әкеледі деп ойламаған.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, Денис Тен көлігінің айналасынан ұрыларды көргенде, оларды тоқтатып, айнаны қайтып алуға тырысқан, әрине, бұл әрекетімен ұрыларды қорқытып жіберген. Ұрылардың біреуінің қолында айнаны шешіп алатын пышақ болған. Сол пышақпен ол спортшыны аяғынан жарақаттайды, іздеріне түспеу үшін. Жан-жағына қарамай, пышақты сұға берген.

Сондай-ақ дереккөздің айтуы бойынша, полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екінші күдіктінің ізіне түскен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты