Египет президенті араб әлемінің басты жауын атады

kazislam.kz
Мысыр басшысы соңғы үш айдың өзінде үкімет «кемі 21 мың жалған қауесет» анықтаған.

Египет президенті Абд әл-Фаттах ас-Сиси әскери академияның бітіруші түлектері алдында баяндама жасады. Президент баяндамасының басым бөлігі Египет пен араб елдеріне төндіретін қауіп-қатерлерге арналды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Мысыр басшысы соңғы үш айдың өзінде үкімет «кемі 21 мың жалған қауесет» анықтаған. «Шын қауіп елді іштен бүлдіруден басталады. Террористік акт туралы қауесеттер – соның бір түрі. Олардың мақсаты бір – жұртты дүрліктіріп, елді жою… Біздің елді тек іштен жою алады… Біз бұған аса сақтықпен қарауымыз керек, бізге қарсы жасырын жайылып жатқан дүниелерден сақ болуымыз қажет» дейді Ас-Сиси.

Мемлекет басшысы экономикалық қиындықтарға тап болған мысыр халқының көтеріп отырған ауыртпашылығын да атап өтті. Дегенмен, президент бұл жағдайлар елдің тұрақсыздыққа апармауы қажеттігін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді