Трамп Иран басшысымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Иран президенті Руханидің кеңесшісі Хамид Абуталеби келіссөзді бастау үшін АҚШ тарапы 2015 жылғы ядролық келісімді орындауы қажет деп ескертті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран басшысы Хасан Руханимен кездесуге дайын. Бұл туралы ол Италия премьер-министрі Джузеппе Контемен Вашингтонда кездесу барысында мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты Иран президенті Руханидің кеңесшісі Хамид Абуталеби келіссөзді бастау үшін АҚШ тарапы 2015 жылғы ядролық келісімді орындауы қажет деп ескертті.

Сондай-ақ Иран талаптарын құрметтеп, осы елге қатысты өшпенділктен бас тартуы тиіс екенін айтты.

Еске сала кетейік, мамырдың 21-і күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Тегеран өзінің саяси бағытын өзгертпесе, жаңа санкциялар салып, қысымды күшейтетінін айтқан. Сөйтіп Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келісім жасау үшін 12 талап қойды.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті: - Егер Иран тарапы қаласа мен кездесуге дайынмын. Жүздесуде тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ олардың қазір келіссөзге қаншалықты дайын екенін білмеймін. Дегенмен, Иран қиын уақыттты басынан кешіріп жатыр. Ядролық келісімнен бас тартқанымды білесіздер. Менің ойымша олар кездесу өткізуді ұсынатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: