Қырғызстан тауында қаза болған Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілді

Baq.kz
Вице-министрдің айтуынша, бүгін қазақстандық құтқарушылар оқиға орнына ұшқан.

Қырғызстан тауында тастың құлауынан қаза болған Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ вице-министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Кеше ҚР ІІМ министрінің атына Қырғызстан ТЖМ-нен ресми ақпарат келіп түскен. Оған сай, бір топ турист, оның ішінде Қазақстан азаматтары Қырғызстан аумағындағы Скрябино мұздығында төтенше жағдайға тап болған. Тауда тастың құлауы салдарынан зардап шеккендер бар. Тастың құлауына ауа райының бұзылуы мен жер сілкінісі əсер етуі мүмкін. Мұздықта барлығы 7 адам болған. Олардың төртеуі - Қазақстан азаматтары, үшеуі - Ресей азаматтары. 6 адам аман, біреуі қайтыс болды", - деді Юрий Ильин.

Вице-министрдің айтуынша, бүгін қазақстандық құтқарушылар оқиға орнына ұшқан. Құтқару жұмысы бүгін 4100 метр биіктікте атқарылған. Тікұшақ қаза болған азаматтың денесі мен зардап шеккендерді алып кетті. Шамамен сағат 13.30-да əуе кемесі Алматыға ұшып келді.

"Қаза болған адамның денесі Алматы қалалық ІІД бөлімшелеріне тергеу шараларын жүргізу үшін тапсырылды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, құтқару операциясы аяқталды деуге болады. Қазақстан аумағына Ресейдің 3 азаматы жəне Қазақстанның 3 азаматы жеткізілді", - деді Юрий Ильин.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды