Ақмола облысында жасөспірім мен әйел суға кетті

www.inform.kz
Ведомствоның ақпараты бойынша, суға ағып кеткендер шомылуға арналмаған жерде шомылған.

Ақмола облысының Целиноград ауданында Нұра өзеніне жасөспірім мен әйел адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 31 шілде күні таңертең Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылынан 300 метр жерде Нұра өзенінде құтқарушылар бір күн бұрын шомылып жүріп, суға ағып кеткен 13 жасар жасөспірімнің денесін тапты.

Сол күні Р. Қошқарбаев ауылынан 3 шақырым қашықтықта Нұра өзенінде суға кеткен 32 жастағы келіншектің денесін алып шықты.

Ведомствоның ақпараты бойынша, суға ағып кеткендер шомылуға арналмаған жерде шомылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы