Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап кетті

sputniknews.kz
Оқиға қала орталығындағы көпқабатты элиталы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға бүгін таңғы сағат жетілер шамасында қала орталығындағы көпқабатты элиталы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алдын ала болжам бойынша әйел пәтердің балконынан құлап кетуі мүмкін. Мерт болған әйел шамамен 40-45 жаста. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Құзырлы органнан ресми мәлімет ала алмадық.

Себебі Шымкент қалалық ІІД жаңадан құрылғандықтан баспасөзбен байланыс жасаушы ресми өкіл әлі тағайындалмапты. Ал Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер кісі өліміне қатысты ақпаратты анықтап, қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз