Түркістан облысында аптап ыстықта сөмкеде жатқан нәресте өлуге шақ қалды

sputniknews.kz
Түркістан облысында үш күн бұрын туған қызды сөмкеге салып тастап кеткен.

Түркістан облысында жаяу жүргіншілер жол жиегіндегі спорттық сөмкеден жаңа туған нәрестені тауып алды, деп хабарлады sputniknews.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Шақалақ аптап ыстықта аузы жабық сөмкеде төрт сағатқа жуық болған, тұншығып өлуге шақ қалыпты. Тастандыны тауып алған әйелдің айтуынша, қыз бала әуелде қып-қызыл болып, қимыл-қозғалыссыз жатқан.

Қазір бала балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер қыздың туғанына бар-жоғы үш күн болғанын анықтады, оған Айым деген есім беріпті.

Өңір полициясы көкек ананы іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз