Египеттен тағы бір Сфинкс табылды

Massaget.kz
Аңыздарға қарағанда Хефрен перғауын Сфинкстің басына өзінің бейнесін салдырған екен.

Мысырдың ежелгі Луксор қаласындағы жолды қайта жөндеуден өткізіп жатқан жұмысшылар жер астында көміліп жатқан тағы бір Сфинкс мүсінін тапты. Бұл туралы қаланың ежелгі жәдігерлер басқарма басшысы Мухаммед Абдель Азиз мәлімдеді, деп жазады massaget.kz.

Хабарларға қарағанда жаңа Сфинкс ежелгі патшалықтың IV әулетінің төртінші перғауыны Хефрен бұйрығымен Гиза пирамидалары алдында бой көтерген Сфинкстен айнымайды.

Мүсінді жер бетіне алып шығуға мамандар асығар емес.

Сарапшылар ауа температурасының күрт өзгеруі мүсінге кері әсерін тигізе ме деп алаңдайды.

Аңыздарға қарағанда Хефрен перғауын Сфинкстің басына өзінің бейнесін салдырған екен.

Сфинкс араб тілінде қорқыныштың атасы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек мифологиясында арыстан денелі әрі қанатты ғажайып әйел. Басқа мағынада – жұмбақ адам дегенді де білдіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды