Лифтілер бақылауға алынатын болды

Лифтілердің жай-күйіне әсер ететін фактілердің бірі ортақ мүлікті, оның ішінде лифтілерді күтіп-ұстау бойынша жұмсалатын шығындарға қатысуға пәтерлердің меншік иелерінің ықылассыз қарауы.

Бүгінгі күні Қазақстанда 18 700 лифтінің ішінде нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен лифт саны шамамен 6000 болып отыр және оларды міндетті түрде ауыстыру талап етілуде.

Лифтілердің жай-күйіне әсер ететін фактілердің бірі ортақ мүлікті, оның ішінде лифтілерді күтіп-ұстау бойынша жұмсалатын шығындарға қатысуға пәтерлердің меншік иелерінің ықылассыз қарауы.

Тағы бір себеп лифтілерге қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйымдардың өз міндеттерін сапасыз орындауы, олардың нарықтағы санының өсе түсуі және азаматтардың наразылықтарының жиі болуы, яғни осының бәрі аталған қызмет түрін лицензиялауды жоюға негізделіп отыр.

"Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ мамандары пәтер иелерінің лифт компанияларын іріктеуге байыпты қарауы және бірінші кезекте осы саладағы ұйымдардың тәжірибесі мен жұмыс өтіліне, білікті де аттестатталған персоналдың болуына, пікірлер мен оң ұсыныстарға баса назар аударуы тиіс деп санайды.

Лифтілер шаруашылығындағы осындай және басқа да проблемалық мәселелерді шешу үшін қазіргі уақытта Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторлар мен қозғалысы аз адамдарға арналған көтергіштермен дұрыс жұмыс жасауға, оны орнатуға, сондай-ақ қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды реттейтін ұлттық стандарт әзірленуде.

Бұдан тыс, тұрғын үй инспекцияларының қауіпті техникалық қондырғылардың қатарына жататын лифтілерді бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктерін бөлу бөлігінде қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізуге бастамашылық етілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: