Бүгін Қазақстан аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

khabar.kz
Екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында күн қатты ысиды деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді