Қызы анасын құтқару үшін пойыздың астына секіріп, ажал құша жаздады

Сурет: zakon.kz
Екі әйел де ауыр жарақат алды, бірақ аман-есен.

АҚШ-тың Джордания штатындағы Атланта қаласында қызы анасын құтқару үшін жүріп келе жатқан пойыздың рельсіне секірді, деп жазады Stan.kz.

Сью Венсзелл қызымен бірге Атланатаны көру үшін басқа қаладан келді. Метрода әйелге бейтаныс ер адам күтпеген жерден шабуыл жасап, оны платформадан итеріп жіберді. Ал, әйел болса рельстерге құлап, есінен танып қалған.

Сол кезде оның жанында болған 28 жасар қызы Венсзелл Кэти анасының артынан секіріп, оны құтқармақшы болды. Ол анасын жолдан алып үлгерменімен, бірақ қауіпсіз жерге шыға алмай пойыздың астына түсті. Екі әйел де ауыр жарақат алды, бірақ аман-есен.

«Егер Кэти рельске секірмесе, онда Сью біздің жанымызда отырмас еді», – дейді қыздың әкесі.

Қыздың анасының миы шайқалып, сүйектері сынып ауруханаға жатқызылды. Оған медициналық көмек көрсетіліп, көп ұзамай ауруханадан шығарылды. Бірақ, анасын құтқарған қыз көп зардап шекті. Оның бас миы ісініп табанының бір бөлігі кесіліп, иығының сіңірі үзілген. Сонымен қатар, оған қалпына келтіретін пластикалық ота жасалды. Анасын құтқарамын деп, өзі де жазым болған бойжеткен әлі де ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

"Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізген Елеусіз Бұйриннің туғанына 150 жыл толды