Түркістан облысында жаңа "ЫРЫС - ӨРКЕНДЕУ" бағдарламасы жұмысын бастады

Самат Мырзалиев
Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы.

"ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығының еншілес ұйымы "Ырыс" микроқаржы ұйымы жаңадан "ЫРЫС - ӨРКЕНДЕУ" бағдарламасын іске қосты.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым фермерлерге аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы – ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн. теңгеге дейін кепіл мүлкінсіз лизингке алуға мүмкіндіктің болуы. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді.

Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады