Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады

www.inform.kz
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны жүргізу және оны қолдану ережелері туралы бұйрығы күшіне енді.

Қазақстандағы сот шешімі негізінде химиялық кастрацияны жасауға бір өтінім келіп түсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрацияны жүргізу және оны қолдану ережелері туралы бұйрығы күшіне енді. Сәйкесінше, соттың шешімі негізінде бұл шара іске асырылуы мүмкін. Республикалық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бүгінде соттың шешімі негізінде химиялық кастрацияны жүргізуге бір өтінім келіп түсті», - деді вице-министр Үкімет Үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол химиялық кастрация жазасын тағайындау рәсіміне тоқталып өтті.

«Сот шешімінен кейін, дәрігерлік-консультативтік әрі психиатриялық комиссияның отырысы өтеді. Тек осы шаралардан соң жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл мәселеде сот шешімі негізге алынады», - деп түсіндірді Л. Ақтаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін