Мұхаммед Әлидің қызы Головкин-Канело жекпе-жегіне қатысты ойын білдірді

Лейла Әли тек алғашқысынан қызықты жекпе-жек көруге үмітті екенін атап өтті.

Бокс аңызы Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екеуінің де жанкүйерімін - Головкиннің де, "Канелоның" да. Екінші жекпе-жек болатынына қуаныштымын. Головкинге қарсы тігіс қою қиын, бірақ, жеңілмейтіндер болмайды, кез келген жығылады. Мен тек алғашқысынан қызықты жекпе-жек көруге үміттімін", - дейді Лейла ESPN басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес алғаш рет 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасқан. Ол кезде кездесу тең аяқталып, жеңімпаз анықталмады.

"Канело" мен Головкиннің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді (Қазақстанда 16 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көрсетіледі). Тура бір жыл бұрын T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек тең аяқталған еді. Ол кезде көптеген бокс жанкүйерлері мен шолушылар Головкин жеңіске жету керек болды деген ой айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: