Әзербайжан жазушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы роман жазып жатыр

ҚазАқпарат
Юнис Огуз - танымал әзербайжандық жазушы-түрколог, тарихшы, публицист, политолог және журналист.

Танымал әзербайжандық жазушы-түрколог Юнус Огуз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы роман жазып жатыр. Бұл туралы қаламгер елордағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты халықаралық әдеби форум барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты материалдар жинап жүрмін. Меніңше, келесі жылы «Әмір Темір» туындым сияқты Нұрсұлтан Назарбев туралы роман жазып, Сіздердің назарларыңызға ұсынатын боламын», - деді Юнус Огуз.

Юнис Огуз - танымал әзербайжандық жазушы-түрколог, тарихшы, публицист, политолог және журналист. Оның көптеген ғылыми және көркем туындылары бар. Олардың ішінде «Нәдір шах», «Тахмасиб шах» және екі романнан тұратын «Әмір Темір» сынды тарихи романдары өте танымал және әлемнің көптеген тілдлеріне аударылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды