Түркістанның ежелгі сәулеті қалпына келтіріледі - Мәдениет министрі

www.inform.kz
Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.

Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан бойынша ТОП-10 туристік карта нысандары аясында жұмыстар жүргізілуде. Елбасы айтып өткендей: «Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтқан жоқ. Бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады». Осыған байланысты қаланы дамытудың сәулеттік тұжырымдамасы туристік мүдденің магниті болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы