Баянауыл ауданының үш ауылына қазақ алыптарының есімдері берілді

Baq.kz
Азаматтар Теңдік ауылына Мұса Шорманов, Қараащы ауылына Қаныш Сəтбаев жəне Жаңажол ауылына Мəшһүр Жүсіп есімін беруге өтініш білдірді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы үш ауылға қазақ халқының бетке ұстар перзенттерінің есімдері берілді, деп хабарлайды Ваq.kz.

Осындай шешімді бүгін облыстық мəслихат депутаттары кезекті сессияда бірауыздан қабылдады. Шешім "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 6-бабы бойынша мақұлданды.

Облыстық тілдер басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Батырбек Қайырдың айтуынша, бұған дейін Сəтбаев ауылдық округінің Теңдік жəне Қараащы ауылдары мен Жаңажол елді мекенінің тұрғындары атауларын өзгерту мəселесін көтеріп, ұсыныс білдірген.

"Азаматтар Теңдік ауылына Мұса Шорманов, Қараащы ауылына Қаныш Сəтбаев жəне Жаңажол ауылына Мəшһүр Жүсіп есімін беруге өтініш білдірді. Тұрғындардың сұрауы жерде қалмады. Мəселе облыстық мəслихат деңгейінде қаралып, ауылдағы аңайынның ұсынысы қабылданды", - дейді Батырбек Қайыр.

Айта кетейік, бүгінде Теңдік ауылында 600-ден астам, Қараащы ауылында 500-ден астам, ал Жаңажол ауылында 600-ге жуық тұрғын бар.

Еске салсақ, бұған дейін Теңдік ауылының Ақкелін шатқалында Баянауыл дуанының болысы, ағартушы, қоғам қайраткері Мұса Шормановтың кесенесі бой көтерді. Тоғыз метрлік ақ кесене маңғыстаулық ұлутастан соғылды. Рухани нысанды салуға Мұса Шормановтың ұрпақтары мен жерлестері атсалысты. Ағартушының есімі қазақ халқының тарихында Қаныш Сəтбаевтай ғалымдар шоғырын қалыптастырған тұлға ретінде қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты