Қазақстанда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы өседі 

sputniknews.kz
Министрдің айтуынша, Қазақстанда зейнетақы индексациясы әр жыл сайын жылдың басында жүргізіледі.

2019 жылдың басында ынтымақты зейнетақының индексациясы жүргізіледі. Сәйкесінше оның мөлшері өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр зейнетақы индексациясы елімізде әр жыл сайын жылдың басында жүргізілетінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы инфляция деңгейінен 2 процентке артық көрсеткішпен индекстеледі. Биыл біз индексацияны 9%-пен жүргіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне тағы 2% қосып, индексация жүргіземіз", — деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы Қазақстанда зейнетақы ТМД елдеріне қарағанда едәуір жоғары екенін атап өтті.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілгенін білесіздер. Орташа есеппен базалық зейнетақы 67%-ке өсті. 1 миллионға тарта зейнеткер базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде алады. Яғни олар үшін зейнетақы екі есеге өскен. Қазір Қазақстанда зейнетақы мөлшері барлық көршілес, ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны есепке алғанда) 101 мың теңгені құрайды", — деді ол.

Әбілқасымова мемлекет жинақтаушы зейнетақының сақталуына кепілдік беретінін айтты.

"Егер инфляцияның барлық жиынтық деңгейіне қарай индекстелген жинақ аз болып қалса, онда осы айырмашылықты біз мемлекет есебінен өтейміз. Бұл қаржы дағдарысы, валюта бағамының құбылмалығы кезінде туындаған тәуекелдерге жауап беруге мүмкіндік береді", — деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты