Қостанайда қызыл көлікпен қызды ұрлап кеткені туралы хабар тарады

www.inform.kz
Қостанай ІІД баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Дүйсенбі күні Затобольск №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу қыздың алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Осындай мазмұндағы хабарлама әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда аталып өтілгендей, оқиғаға байланысты іздеу шаралары басталды.

«01.10.2018 жылы Затобольск кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің (қыздың) алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа қарай алып кеткені туралы хабар түскен. Қызыл түсті көлік күдікке ілікті», - делінген Қостанай АІІБ бастығының міндетін атқарушы М.Б.Жайлаубеков қол қойған бағыттамада.

Таратылған хабарламада аталып өтілгендей, осы туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөмірі бойынша полицияға байланысуларын сұрайды.

Қостанай ІІД баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды