Медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Baq.kz
Қос ғалымға сыйлықтың 9 миллион швед кронына тең (1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі беріледі.

Америкалық иммунолог ғалым Джеймс Эллисон мен Жапония ғалымы Тасуко Хонджо Нобель сыйлығының медицина және физиология саласы бойынша лауреаты атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Олар қатерлі ісіктен иммунды терапия арқылы емдеу тәсілін жасап шығарған.

Эллисон қатерлі ісік жасушаларымен тиімді күресу үшін иммундық жүйенің жұмысын баяулатуға көмектесетін ақуызды зерттеумен айналысты. Ғалымдар сонымен қатар меланомадан және қатерлі ісіктің басқа түрлерін емдеудің жаңа тәсілін бірігіп жасады.

Қос ғалымға сыйлықтың 9 миллион швед кронына тең (1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі беріледі.

Нобель комитеті осы аптада сыйлықтың физика және химия саласы бойынша лауреаттарын жариялайды. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы 5 қазанда беріледі. 8 қазанда сыйлықтың экономика саласындағы лауреаты жарияланады. Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі