Жамбыл облысында екі тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Полицейлер мұнша ірі көлемдегі есірткі заттарын 9 ай ішінде заңсыз айналымнан шығарған.

Оның 9 келіге жуығы есірткінің аса ауыр түріне жататын героин мен 96 келісі гашиш. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер мұнша ірі көлемдегі есірткі заттарын 9 ай ішінде заңсыз айналымнан шығарған. Аймақта сонда да қылмыстық жолмен жеңіл ақша тапқысы келетіндер азаяр емес.

Есірткі өсіріп, дайындап, тасымалдайтындарға қатысты 593 қылмыстық іс қозғалған. Полицейлердің айтуынша, облыста әсіресе сатумен айналысатындар көп. Жыл басынан бері 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, тергеу жалғасуда. Қазір тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республикалық барлық бағыттағы негізгі жолдарға арнайы бекеттер қойылып, көліктер күндіз-түні тексеруден өткізілуде.

Асхат Алметов, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы: - Солтүстік мекендерге көп кетеді. Қазіргі таңда нағыз жинайтын науқан кезі. Жинап, бүгінгі күнде соларды тасымалдап шығаратын кездері. Өте күшейтілген режимде. Өйткені біздің Шу алқабында 30-дан астам арнайы жасақталған бүркітіміз бар. Солар күнделікті тәулік бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: