Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты

Sputniknews.kz
Менталды арифметика бойынша ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік рекордтар кітабына енгізілді.

Ақтау қаласының алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд орнатқан команда құрамында болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

26 минут, 26 секунд және 12 миллисекундта балалар 30 мың есеп шешкен, деп хабарлайды "Хабар 24". Сайыс Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында Ресейде өтіпті, әлемнің түпкір-түпкірінен 150 оқушы қыз қатысқан.

Орынгүл Арыстан менталды математикамен бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Арифметикалық есептерді тез шешу қабілетінің арқасында Орынгүл "калькулятор қыз" деген атқа ие болған.

Оқушының айтуынша, байқауға бір ай бойы дайындалып, күніне екі сағат есеп шешкен көрінеді.

"Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Эстафета кезінде бір-бірімізге қарындаш бере отырып, мысалдарды орындадық", — дейді Орынгүл Арыстан.

Менталды арифметика бойынша оқытушы Қарлығаш Әбдірайымованың сөзіне сүйенсек, тарихтағы ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік және Азиялық рекордтар кітаптарына жазылған.

Ал, бір қызығы, қыз бала болашақта математик емес, дәрігер болуды армандайды екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді