Мемлекет басшысының Жолдауын алматылық ұстаздар тікелей эфирде тыңдады

Университет оқытушылары жоғары білім беру жүйесінің сапасына қойылатын талаптарға ерекше назар аударды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдады. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлады.

Бүгін Қыздар Университетінің 600-ден астам профессор-оқытушысы мен білімгері Қазақстанның Тұңғыш Президенті залына жиналып, Елбасының дәстүрлі Жолдауын тамашалағаннан кейін, оқу орнының ғалымдары маңызды құжаттың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші басымдығында Елбасы жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті.

Әсіресе, университет оқытушылары жоғары білім беру жүйесінің сапасына қойылатын талаптарға ерекше назар аударды.

«Бізді Елбасының әдеттегідей жас ұрпаққа білім беруге айрықша көңіл бөлуі ерекше қуантты. Жолдауда бізді білім берудің жаңа сапасына көтеретін жаңғыру¬дың негізі ретіндегі адам капиталы болатынын атап көрсетеді», – деп атап өтті ұстаздар қауымы.

Айта кетейік, биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: