Ақтөбеде жоғалып кеткен бір үйір жылқы табылды

aktobenews.kz
Жедел іздестіру кезінде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жайылып жүрген жылқыны сол ауданның тұрғыны айдап кеткені белгілі болды.

Ақтөбеде жоғалып кеткен 24 бас жылқы табылды. Жылқыны жайылып жүрген жерінен айдап кеткен деп хабарлайды Ақтөбеньюс.

Ақтөбеде бір үйір жылқының жоғалғаны туралы хабар полицияға түсті. Жедел іздестіру кезінде Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында жайылып жүрген жылқыны сол ауданның тұрғыны айдап кеткені белгілі болды.

«Хромтау ауданының тұрғыны өз шаруашылығындағы жылқының жоғалып кеткенін хабарлады. Іздеу жұмыстарын кезінде жылқы Әйтеке би ауданынан табылды. Жылқы сол маңда жайылып жүрген. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ұрланған мал иесіне қайтарылды. Қылмыстық Кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды