Павлодарда өрттен 35 адам құтқарылды

Рavlodarnews.kz 
Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Бүгін түнде Мүткенов көшесі, 58 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйден шыққан өрттен 35 адам құтқарылды. Оның оны – бала, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бірінші подъезде, екінші қабатта бес бөлмеге ортақ ас бөлмесінде жиһаздар мен терезенің ағаш жақтауы, есік жанған. Қызыл жалын сегіз шаршы метрді шарпып өткен. Өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 00.08-де түсті, сағат 01.04-де толығымен сөндірілді, - дейді департаментте.

Тілсіз жауды ауыздықтауға газ-түтіннен қорғау қызметінен екі звено, № 34 өрт сөндіру бөлімі, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 18 адам жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым тұқылы себеп болған. Оқиға орнында медициналық апаттар орталығы мен жәдел жәрдем қызметі 1936 жылғы әйел адамға көмек көрсетті.

Зейнеткер аурухаға барудан бас тартты. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті