Туберкулезбен ауыратындарды әлеуметтік қолдауға қанша қаржы жұмсалады

inform.kz
10 жылда Қазақстанда туберкулезден қаза табатындардың саны 5,6 есеге азайғанын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де туберкулезден емдеу тегін болып қала беретіндігін айтқан еді.

Қазақстанда жыл сайын туберкулезбен ауыратындарды әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда туберкулезбен ауыратын пациенттерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 1 млрд 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл 2017 жылдың ішінде бөлінген сома", - деді ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның дерегінше, аталған қаражат туберкулезбен ауыратын пациенттердің 50-56 пайызын әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

"Бұл Үкімет пен әкімдіктердің туберкулезбен күреске қосқан үлесі. Әрбір өңірде бұл көмек әртүрлі көрсетіледі. Мәселен, бір өңірлер тегін жол жүру құжаттарын берсе, енді бір өңірде ай сайын ақшалай жәрдемақы төленеді, ал енді бірінде тегін түскі ас ұйымдастырлады", - деді Мәлік Әденов.

Бұған дейін ол соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезден қаза табатындардың саны 5,6 есеге азайғанын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де туберкулезден емдеу тегін болып қала беретіндігін айтқан еді.

Айта кетейік, кеше елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференциясы басталды. Халықаралық жиын қатысушыларына Елбасы Н.Назарбаев видеожолдау жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады