Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы: тұтқындау бірнеше аймақта болды

ҰҚК Баспасөз қызметі
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады. Бұл туралы zakon.kz, ҰҚК Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді