«Сергек» фото - бейнетіркеу және бейнебақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 млрд 270 млн теңге көлемінде қаржы түскен. Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16%-ға, ЖКО-нан жаралану 22%-ға, жол-көлік оқиғасы салдарынанболатын өлімді 54%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы zakon.kz, Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана қаласында фото - бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану» жобасы 2017 жылы Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен «Астана Innovations» АҚ және «Көркем Телеком» ЖШС-нің арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру туралы келісімшарт аясында жүзеге асқан.
Жоба МЖӘ аясында жүзеге асқан және еліміз бойынша ақпараттық технология мен қауіпсіздік бағытында жасалған алғашқы келісімшарт. «Сергек» Назарбаев Университетінің ғалымдарын тарта отырып жасалған толығымен өзіміздің жүйе, оның негізіне машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданған.
МЖӘ жобасын іске асырудың нәтижесі қозғалыс ағынының мониторинг сапасын арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар есебінен жергілікті бюджетті толықтыру.
Жоба аясында 13 мың камера қою және интеграциялау көзделген, оның ішінде 6 мың камера қала көшелеріне (400 қиылыс пен 300 желілік учаске) 4 мың камера адамдар көп жиналатын орындарға, сауда ойын-сауық және бизнес орталықтарында орнатылған 3 мың сыртқы камераны интеграциялау белгіленген.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/16195