Министрлік Сирияда өлім жазасына кесілді деген 3 қазақстандыққа қатысты жағдайды айтты

sputniknews.kz
Бұған дейін Сирияда үш қазақстандық әйел өлім жазасына кесілгені хабарланған еді.

Қазір Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Мұндай оқиғаның болған-болмағанын анықтауымыз керек, өйткені әзірге дереккөз расталған жоқ. Бұл белгілі бір уақытты алады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Ол Сирия аумағында заңды-заңсыз жүрген қазақстандықтармен байланысты мәселелер Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне тапсырылатынын айтты. Себебі ол Қазақстанның Сириядағы елшілігі қызметін қоса атқарады.

Еске сала кетсек, өткен аптада бірқатар БАҚ-та Сирияда үш қазақстандық әйел содырлардың қолына түсіп, өлім жазасына кесілгені хабарланған еді. Онда үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болғаны айтылған. Қаза болғандардың арасында жеті жасар бала да бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды