Мәдина Әбілқасымова: 9 айда 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

www.inform.kz
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 112,9 млрд теңге бөлінген.

Елімізде жыл басынан бергі 9 айдың ішінде 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдина Әбілқасымова өз баяндамасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлегенін атап өтті.

«Еңбек» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітіледі. Бағдарламада оның қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін арттыру және жаңа шаралармен толықтыру мақсатында кешенді өзгерістер көзделген. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты - еңбек ресурстарының білімін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды нәтижелі жұмысқа орналастыру болып табылады», - дейді ол.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 112,9 млрд теңге бөлінген. Жылдың соңына дейін осының аясында 571 мың азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген.

«Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 82,5 млрд теңге (73 пайызы) игерілді. Қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы бағдарламаны іске асырудың арқасында 563 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға жол ашылған. Нақтырақ айтқанда, 458 мың адам жұмысқа, оның ішінде 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылған», - дейді Мәдина Әбілқасымова.

Министр атап өткендей, бағдарламаның бірінші бағыты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жаппай оқытуды көздейді.

Тегін техникалық және кәсіптік оқыту шеңберінде осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20 мың адам оқуға кіріскен. Қазандағы жағдай бойынша 40 мыңға жуық бағдарламаға қатысушы қысқа мерзімді оқытуға жіберілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды