Қазақстандағы әрбір бесінші өрт сөндіру техникасы отты жоюға дайын емес

www.kazpravda.kz
Нұрлан Әбдіров елдегі өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық базаны жетілдіру керек екенін атап өтті.

Қазақстандағы әрбір бесінші өрт сөндіру техникасы отты жоюға дайын емес. Мұны Мәжілісте өтіп жатқан үкіметтік сағатта депутат Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Өрт сөндіру қызметінің негізгі басымдықтарының бірі оның құрылымдарын заманауи техникамен, құралдармен жабдықтау. Қазір көп уақыт бойы пайдаланып жатқанына байланысты әрбір бесінші өрт сөндіру техникасы отты жоюға дайын емес ", – деді мәжілісмен.

Нұрлан Әбдіров елдегі өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық базаны, сонымен қатар отқа қарсы күрес қызметінің және ерікті құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіру керек екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер