Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

www.akorda.kz
Жозе Мануэль Баррозу кездескені және Астана клубының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуға Астана клубының отырысына келгені үшін ризашылық білдірді. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасының Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесін атап өтті.

– Мен Сізбен тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіз әрдайым Қазақстанға қолдау көрсеттіңіз. Соның арқасында еліміздің Еуропа одағымен серіктестігі жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда бұл құжат ратификациялану үдерісінен өтіп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.

Жозе Мануэль Баррозу кездескені және Астана клубының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

– Сізбен қайта кездесу – мен үшін зор мәртебе. Брюссельге тарихи сапармен келгеніңіз есімде. Сол кезде Қазақстан мен Еуропа одағы арасында ынтымақтастық орнату жөнінде тарихи шешім қабылданған болатын. Бүгінде Қазақстанның тұрақтылықты сақтап, өңірде маңызды рөл атқарып отырғанын көргеніме қуаныштымын, – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді