Қарағандыда өртенген үйде екі әйел мен бала қалып қойды

sputniknews.kz
Өрт болған жерден екі әйел мен алты жасар баланың мәйіті табылды.

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі әйел мен баланың күйген денесі табылды деп жазады sputniknews.kz.

Өрт сейсенбі күні кешке Багрицкий көшесіндегі бір қабатты екі пәтерлі тұрғын үйде болған.

"Өрт пәтерлердің бірінен шыққан. Оқиға орнынан 1962 және 1990 жылдары туған әйелдердің, 2012 жылы туған баланың денесі табылды. Өртеніп кеткен пәтерде төбе жабыны жартылай опырылып түсті", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

Өрт сөндірушілер көрші пәтерден екі ересек адам мен бір баланы қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 24 адамы мен 4 бірлік өртке қарсы техникасы өртті екі сағатқа жуық сөндірді.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы