Алматы облысында Қарағанды тұрғыны заңсыз ауланған 3 тонна балықпен ұсталды

patrul.kz
Полицейлер табиғат қорғау ведомстволарымен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне заңсыз қол сұқққандарды анықтап, бұдан әрі заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.

«Алматы облысының тәртіп сақшылары Қарағанды облысы тұрғыны тізгіндеген «ФОРД» автокөлігін тексеру барысында ірі көлемде балық тиелгенін анықтаған. 3 тоннадан астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат мемлекетке 10 миллион теңге шығын келтірген»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

«Газель» автокөлігі Құйған-Топар автожолы бойында тоқтатылған. Көліктегі 3 тонна 198 кг балықтың заңға сәйкес тиісті тасымалдау құжаттары болмады. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4,5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деп атап өтті Алматы облыстық ЖПҚ Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полицейлер табиғат қорғау ведомстволарымен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне заңсыз қол сұқққандарды анықтап, бұдан әрі заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, 17 қараша күні кешке «Рубеж» полиция бекетінде тәртіп сақшылары Ниссан көлігінің жүксалғышынан заңсыз атылған 3 еліктің етін тапты. Жамбыл ауданының тұрғыны тізгіндеген автокөлікті тексеру барысында «СКС» ойық аңшы мылтығы мен рұқсат ету мерзімі өтіп кеткен аңшы мылтығы табылды.

Заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды,- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы