Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

ашық дереккөздерден
Мұндай жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалатын болады.

22-24 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғуы және көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалатын болады", - делінген хабарламада.

Алайда, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары да жауын-шашынды болады.

"Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар күтіліп, 24 қарашада таулы аймақтарда қатты қар жауып, тұман түседі, көктайғақ және батыс бағыттағы күшті екпінді жел соғады", - деп хабарлады синоптиктер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды