Астанада үш ай ішінде жалға берілетін 25 мың пәтер анықталды

www.inform.kz
Учаскелік полицейлер 5 қыркүйектен бастап өз аумағында тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізді.

5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында Астана қаласында Жергілікті полиция қызметі «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты - учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы заңбұзушылықтарды алдын алу.

Учаскелік полицейлер 5 қыркүйектен бастап өз аумағында тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізді. Олар осы уақыт аралығында 300 мыңға жуық пәтер мен 30 мыңнан астам жеке үйді аралап шықты. Ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 11 мыңға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сондай-ақ, 16 мыңға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.

Нәтижесінде жалға берілетін 25 мыңға жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы «Учаске» іс-шарасы басталғалы 22 мыңға тарта азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 2500-ге жуық шетел азаматы анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты