Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді - СІМ

baq.kz
Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда.

Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров Қытай территориясынан шыға алмай отырған Қазақстанның 14 азаматы туралы айтты деп жазады Baq.kz.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның 14 азаматы әлі күнге дейін Қытайда. Олар әртүрлі себеппен Қытайдан шыға алмай отыр. Біздің консулдар ол азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Қытай тарапымен дипломатиялық арналар арқылы жұмыс жүргізіп жатыр. Қытай тарапы 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді», - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы.

Бұған дейін Айбек Смадияров АҚШ-тың сұранысымен ұсталған Қазақстанның 2 азаматы туралы пікір білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз