ШҚО-да туберкулездің асқынған түрімен ауыратын оншақты адам іздестіріліп жатыр

24.kz
Өкпе дертінің асқынған түрімен ауыратындар – қоғам үшін өте қауіпті.

Туберкулез ауруының алдың алу жолы – жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау. Биыл облыс перзентханаларында 16950 шақалақ егілген. Бұл – жалпы туған балалардың 97,4 пайызы деп жазады Алтайньюс.кз.

– Кейбір ата-аналар екпеден бас тартады. Ондай мәселе бар. Жыл басынан бері 94 баланың әке-шешесі вакцинация салдыртуға қарсы болды. Мұндай жағдайлар көбінесе Өскемен, Семей, Зырян қалаларында кездесті, – деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Өкпе дертінің асқынған түрімен ауыратындар – қоғам үшін өте қаупті. Олар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Облыста осындай 27 азамат бар. Олардың 25-і – бактерия таратушы. Қазір 15-і стационарда оқшауланған, 4-уі үйінде емделуде, ал қалған алтауы іздеуде жүр. Сондай-ақ, түрмеден босап шыққан 21 ауру азамат есепке алынған.

– Науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы жылдың 10 айында 848 науқасқа 56265,4 мың теңге қаржы бөлінген. Келер жылдың 15 қаңтарына дейін біздің басқарма туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсынады, – деді Марат Шоранов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды