Қостанайда сібір елігін атқандар ұсталды

inform.kz
Күдіктілер кінәсін мойындады.

Қостанай облысында сібір елігін атқан браконьерлер қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Қостанай-Мамлютка» бағытындағы жолда «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін ұстады.

Көлік салонында жүргізуші мен екі жолаушы болған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан сібір елігін және екі мылтықты тапты.

«Тексеру барысында қарулар жолаушылардың біріне тіркелгендігі анықталды. Күдіктілер Қостанай ауданына аң аулауға келген. Олар Меңдіқара ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың сібір елігін атуға рұқсат қағазы болған жоқ», - дейді полиция департаментінен.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігімен («Заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды