Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі адамды өлтірген күдікті ұсталды

www.zakon.kz
Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады.

Алматы облысының полицейлері 30 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйел адамды ұстады деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Қаратал ауданында орын алған. 24 желтоқсанда жергілікті полицейлерге Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады. Дене жарақатын салған қылмыс құралы болуы мүмкін асүй пышағы оқиға орнынан табылып, тәркіленді.

«Қаратал ауданының полициясы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен зардап шегушімен көрші тұратын 34 жастағы әйел адамды ұстады. Алдын ала тергеу барысында ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, қылмыс жасалған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция таратқан ақпарат бойынша қамаққа алынға азаматша бұған дейін тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты