"GGG-ді пайдаланғысы келді": Головкин промоутерімен неге қош айтысуы мүмкін?

sputniknews.kz
Желіде Геннадий Головкиннің Том Леффлермен шартын не үшін бұзуы мүмкін екені туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр.

Шетелдік бокс сүйер қауым Twitter желісінде бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестігін тоқтатуы мүмкін деген хабарға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Желі қолданушылары бұл жайындағы ойы қарама-қайшы болып шықты. Біреулер "Леффлер боксты түсінбейді", "Леффлермен серіктестігі үшін Головкин мұрасынан айырылуы мүмкін", "Головкин Леффлермен бірге жұлдыз бола алмайды", "Баяғыда басқа промоутерге кетуі керек еді" деп қуанышын жасырмады.

"Леффлер GGG-ді, Golden Boy "Канелоны" пайдаланатындай пайдаланғысы келді — оның беделі арқылы жекпе-жектер күнін белгілеп отыр", — дейді қолдаушылардың бірі.

Дегенмен Геннадийдің Том Леффлермен қош айтысына сенгісі келмей өкініп жатқандар да табылды.

"Том Леффлер Головкинге әрқашан адал болды, оны мультимиллионерге айналдырды. Сонымен бірге мансабын аяқтамаса, өкінішті", — дейді қолданушылардың бірі.

Бұдан бөлек, Головкин енді Эдди Хирнмен бірге жұмыс істесе деген тілек айтылыпты.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды