БЖЗҚ жеке зейнетақы есеп-шоты автоматты түрде ашылатын болады

ktk.kz
Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.

Азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына қатысты келесі жағымды жаңалықтың бірі, жеке зейнетақы есеп-шотын ашу рәсімі жеңілдетіліп отыр. 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған. Бұл туралы zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.

Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есеп-шотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгініп, өтініш жазатын. Енді жаңа жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есеп-шот ашылады.

Бұл «өтінішсіз» механизмі бойынша міндетті зейнетақы жарнасы есебінен жеке зейнетақы есеп-шотын ашу БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асқан сәттен бастап жұмыс істейтін болады.

Бұл орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын, жеке куәлігінің, тұрақты мекен-жайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақапараттық жүйесінен алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев