Түркістан облысының полицейлері қару және оқ-дәрі жасағандарды тұтқындады

Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Төлеби ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға полиция қызметкерлері бірден барып, жедел іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданының екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тен оқ табылып, тәркіленді.

Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен СДТБТ тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда күдіктілердің атысқаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Полицейлер күдіктілердің дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады