Ирандағы ұшақ апаты: әуе кемесінде қазақстандықтар болмаған

www.24.kz
Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Иранда Boeing 707 жүк таситын әуе кемесі апатқа ұшырады. Ұшақта 16 адам болған, деп хабарлайды zakon.kz, "Хабар 24" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оның он бесі қаза тауып, тек борт инженері тірі қалған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген.

Айта кетерлігі, әуе кемесі Иранның қарулы күштеріне тиесілі. Бішкектен ет тиеп, елге апара жатқан болатын. Апат Орталық Иранның Фатх әуежайына қонар кезде болған. Ұшақ сызықтан әрі өтіп кетіп, қоршауға соғылып, артынан өртеніп кетті.

Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Қазақстанның Ирандағы елшілігі хабарлағандай, апатқа ұшыраған Boeing 707 әуе кемесінде қазақстандық азаматтар жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды