Ұлттық Банк үкіметке "7-20-25" бағдарламасына пәтер иелерін енгізуді ұсынды

Банк Төрағасы пәтер иелерін бағдарламаға қосу, тұрғындардың қалауын қанағаттандыруға мүмкін беретінін атап өтті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы есеп берді. Банк Төрағасы иелігінде пәтері бар азаматтарды бағдарламаға қосу, тұрғындардың қалауын қанағаттандыруға мүмкін беретінін айтты. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

17 қаңтардағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша 52 млрд теңгеге 4 350 өтінім мақұлданған. Оның айтуынша, Ол сондай-ақ Бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілгенін атап өтті. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта шектеудің бірі бастапқы баспананың, ең алдымен, өңірлерде баспананың жетіспеушілігі болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсуді және халықтың көші-қонын ескеру керек. Алдын ала бағалау бойынша азаматтардың Бағдарлама бойынша 2019 жылы баспанаға деген қажеттілігі шамамен 16 мың пәтер болады", - деп түсіндірді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуынша, тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Қазақстан Ұлттық Банкі "Баспана" компаниясының жергілікті атқарушы органдардың нарықтық талаптармен 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын сатып алуына рұқсат берді. Ол жекелеген өңірлердің тұрғын үй сертификаттарын беруге кірісіп кеткенін хабарлады. Мысалы, Астана әкімдігі 1 млн теңге бастапқы жарнаны субсидиялау үшін мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне 100 сертификат берді.

"Бүгінде бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. "Баспана" ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдіктерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет", - деді Д. Ақышев.

Бағдарламаға қатысу талаптарының бірі – меншік құқығында баспананың болмауы. Сонымен қатар азаматтардың меншікті баспанасы болып, қосымша баспана талап етілетін көптеген жағдай бар.

"Бұл тұрғын үй талаптарын жақсартатын көпбалалы отбасылар, балаларына баспана сатып алатын ата-аналар, басқа географиялық өңірге көшетін азаматтар болуы мүмкін", - деді ол.

Д. Ақышев халықтың қажеттілігін назарға ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің Үкіметке Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуді ұсынатынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: